Жаңалықтар

Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнай жібереді

Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнай жібереді
Фото: azh.kz 01.03.2023 16:52 939

Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында Германияға «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша «Адамова застава» мұнайды тапсыру пункті  арқылы 20 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 1 тоқсанында Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 300 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің бар екендігін растайды, бірақ мұнайды тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болады. Ақпан айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 20 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайдың бірінші партиясын жеткізді, - делінген «ҚазТрансОйл» ақпаратында.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға