Қазақстан алғаш рет сурдо футзалдан Азия чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет сурдо футзалдан Азия чемпионы атанды
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Қазақстан құрамасы Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы сурдо футзалдан Азия чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ел құрамасы алғаш рет құрлық чемпионы атанып, 2027 жылы Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарының жолдамасын иеленді.  

26 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылған дүбірлі дода Азиядағы сурдо футзал тарихындағы тұңғыш чемпионат болды. Турнирді Азия саңыраулар футбол федерациясы (ADFF) ұйымдастырып, оған алты мемлекеттің ұлттық құрамалары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Оман командалары чемпиондық атақ пен Сурдлимпиада жолдамасы үшін бақ сынады.  

фото: <span style="font-weight: 400;">Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы</span>
фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Чемпионат айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Қазақстан құрамасы жарыс барысында Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Оман және Өзбекстан құрамаларын жеңіп, шешуші кездесуде Бахрейнді 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ұлттық құрама барлық қарсыласынан басым түсіп, Азияның жаңа чемпионы атанды.  

Жарыс қорытындысында үздік үштік төмендегідей қалыптасты:

  • Қазақстан
  • Сауд Арабиясы
  • Өзбекстан  

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Әмреновтің айтуынша, бұл – Қазақстан сурдо футзал құрамасының тарихындағы ең ірі жетістік.

Біздің командамыз тарихта алғаш рет Азия чемпионы атанды. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 2027 жылғы 15–24 қаңтар аралығында Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар, қақпашы Ислам Курбанов “Үздік қақпашы” атанды» – деді Арман Әмренов.

фото: <span style="font-weight: 400;">Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы</span>
фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Жеке марапаттар қатарында Қазақстан құрамасының қақпашысы Ислам Курбановтың «Үздік қақпашы» атануы да ел құрамасының табысын еселей түсті.  

Бұл чемпионаттың тағы бір ерекшелігі – оның Азия құрлығындағы сурдо футзалдан ұйымдастырылған алғашқы ресми чемпионат болуы. Бұған дейін есту қабілеті зақымданған спортшылар Азия деңгейінде негізінен Азия-Тынық мұхиты ойындары мен басқа да кешенді жарыстарда бақ сынаған еді. Ал Бішкектегі турнир сурдо футзалдың құрлықтағы дамуына жаңа серпін беретін тарихи дода ретінде бағаланды.  

фото: <span style="font-weight: 400;">Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы</span>
фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Қазақстан құрамасының бұл жеңісі елдегі сурдо спорттың даму деңгейін көрсетіп қана қоймай, халықаралық аренадағы беделін де арттырды. Енді ұлттық құрама келесі жылдың қаңтарында Австрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарында Азия чемпионы ретінде бақ сынайды.

Оқи отырыңыз