Жаңалықтар

Қазақстан АЭС салуға дайын емес. "Самұрық-Қазына" басшысы пікірін айтты

Қазақстан АЭС салуға дайын емес. "Самұрық-Қазына" басшысы пікірін айтты
Фото: "Самұрық-Қазына" АҚ 13.07.2023 15:25 975

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, атом электр стансасын салуға қатысты шешілмеген сұрақ көп.

Осы шешімді қабылдағаннан кейін біз қандай өндірушімен құрылыс жасайтынымызды анықтаймыз. Ол Росатом немесе басқа компания болсын нақты белгілі болмады. Бүгінде атом электр стансасын салуға қатысты мәселелер бар екенін көріп отырмыз. Суды, экологияны қоса алғанда бірқатар талаптар бар болғандықтан, түсініп, шешуіміз керек. Тағы бір мәселе – құрылыстың құны және оның өзін-өзі ақтауы, - дейді Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, атом электр станциясын салуға қыруар қаржы кетеді. Станцияның құны миллиардтаған долларды құрайды.

Бұл АЭС өзін-өзі ақтауы үшін тариф қандай болуы керек? Біз мемлекет ретінде осындай тарифті көтере аламыз ба? Тағы да, біз бәріміз жарықты қолданамыз, ұялы телефондарымызды зарядтаймыз, Интернетке кіреміз, теледидар көреміз. Ал егер ертең атом электр станциясын салсақ, онда электр энергиясының құны қандай болады?, - дейді Нұрлан Жақыпов.

Оқи отырыңыз:

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы дәлелді шешім қабылдап, жан-жақты талдау жасау керектігін алға тартады.

Атом электр станциясының талаптарының бірі –  үлкен су қоймасының болуы. Каспий теңізі тартылып жатыр, Балқаш та таязданып барады, енді бір су қоймасын таңдасақ, атом электр станциясын орнатсақ, 10 жылдан кейін су тағы 10 метрге тартылады, сонда не болады?, - деді ол.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың пікірі де маңызды екенін атап өтті. Үйінің қасында атом электр стансасы салынғанына бәрі бірдей дайын емес екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға