Жаңалықтар

Қазақ тілі курсында өткен жылы 1500 тыңдаушы оқыған

Қазақ тілі курсында өткен жылы 1500 тыңдаушы оқыған
Фото: tdk42.kz 09.03.2023 16:59 1397

Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар Қызметінің баспасөз орталығындағы брифингте Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


«Өткен жылы қазақ тілі курсында 1500 тыңдаушы оқыды. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырды. 1492 тыңдаушының коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері бойынша деңгейлерін растайтын сертификаттар тапсырылды. 8 тыңдаушыға анықтама берілді. 110 мемлекеттік қызметші (Beginner – 64, Мid-beginner – 29, Elementarу – 4, Pre-Intermediate – 13) ағылшын тілі курсынан өтті» дейді Сәкен Есіркеп.

Сонымен қатар Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы елорда тұрғындарының арасында тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізген.

Зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде меңгергендердің үлесі - 92,5%, мемлекеттік тілді еркін меңгергендердің үлесі - 73,6%, орыс тілін әртүрлі деңгейде меңгергендердің үлесі - 74,3% және ағылшын тілін әртүрлі деңгейде меңгергендердің үлесі - 28,5 % - ға жеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға