Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады?
Фото: AI көмегімен жасалды

Қазан айында қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр. Оның себебі – 25 қазанда атап өтілетін Республика күні. Мереке жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні келесі күнге ауыстырылады.

Республика күні – Қазақстандағы ұлттық мереке. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдаған.

Республика күні 2022 жылдан бастап қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, демалыс күні ретінде күнтізбеге енгізілді.

2026 жылы 25 қазан жексенбіге түседі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келген жағдайда демалыс күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін қазан айының соңында қатарынан үш күн демалыс болады:

  • 24 қазан, сенбі – демалыс;
  • 25 қазан, жексенбі – Республика күні;
  • 26 қазан, дүйсенбі – ауыстырылған демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасындағылардың жағдайы өзгеше. 24 қазан, сенбі – жұмыс күні, сондықтан олар үш күн қатарынан демалмайды.

El.kz
El.kz

Қазан айындағы атаулы күндер

Республика күнінен бөлек, қазан айында бірнеше кәсіби және халықаралық атаулы күн атап өтіледі.

  • 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні және Халықаралық қарттар күні.
  • 2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.
  • 5 қазан – Мұғалімдер күні.
  • 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні.
  • 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні.
  • 14 қазан – Стандарттау қызметкерлері күні.
  • 16 қазан – Нан күні.
  • 18 қазан – Орман шаруашылығы қызметкері күні. Бұл мереке қазанның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.
  • 19 қазан – Құтқарушылар күні.
  • 20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлері күні.
  • 25 қазан – Республика күнімен қатар Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні, Автомобиль көлігі қызметкерлері күні және Автожол саласы қызметкерлері күні.
  • 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлері күні және Қазақстан кәсіпкерлері күні.
El.kz
El.kz

Қазан айында қанша күн жұмыс істейміз?

2026 жылғы қазан күнтізбесінде бес күндік жұмыс аптасы бойынша 21 жұмыс және 10 демалыс күні бар.

Алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады. Яғни қазан айындағы үш күндік демалысты алдын ала жоспарлап, отбасымен бірге қала сыртына шығуға, шағын саяхатқа баруға немесе жай ғана тынығуға болады.

Оқи отырыңыз