«Қайтарымсыз несие алып беремін»: Түркістанда жас жігіт тұрғындардарды алдап кеткен
06.03.2024 04:07
Фото:
Түркістан облыстық Полиция департаменті
Түркістан облысы Сайрам ауданында 27 жастағы жігіт тұрғындарды алдап кеткен. Ол жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт танысына мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала 300 мың теңге ақшасын алған. Одан кейін бір жыл бойы берген уәдесін орындамаған, ақшасын қайтармай әбігерге салған.
Күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілерге келген шығын - 1 миллион теңге. Күдікті алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
- Полиция бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады
- 24 жастағы банк қызметкері тұрғындардың 35 млн теңгесін жымқырған
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

