25 Қазан 2022, 17:30

Қайта жаңғырған Республика күні

1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Осылайша Қазақстан   саяси-құқықтық негіздері тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 25-қазанда елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы ретінде Республика күні тойлана бастады. 2009 жылы айтулы даталар қатарынан алынып тасталған мереке 13 жылдан соң қайта оралды. Осы орайда «Бүгінгі тренд» бағдарламасының кезекті санын республиканың дамуына өзіндік үлесін қосқан, еңбекке жақын адамдармен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Бөлісу: