Алматылық «Қайраттың» екінші қақпашысы Темірлан Анарбеков ерекше сыйға ие болды. Кәсіпкерлер оған жаңа автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еске сала кетейік, жас голкипер Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Селтикке» қарсы матчта пенальти сериясында көзге түсіп, «Қайраттың» негізгі кезеңге өтуіне шешуші үлес қосқан болатын.