Алматының «Қайраты» Кирп жерінде жеңіліс тапты. «Омония» клубы он ойыншысымен қайрат көрсетіп, жеңісті жұлып алды.
Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші турында «Омония» клубы өз алаңында «Қайратты» қабылдады. Ойынның бірінші жартысында алаң иелері белсенді болып, есеп ашып үлгерді. 13 минутта Андреу гол соқты. Осыдан кейін «Қайрат» шабуылдауға көшіп, бірінші тайм біткенше есепті теңестіргісі келді. Сондай бір қияң-кескі шабуыл кезінде «Омония» ойыншысы Него Луиш Матаға қарсы тәртіп бұзды. Португалиялық төреші Густаву Коррея VAR жүйесін қарап, Негоға қызыл қағаз көрсетті. Осылайша, бірінші тайм аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екінші таймда «Қайрат» қолынан келгенше шабуылдауға тырысты. Азамат Тұяқбаевтың тепкен добы қақпадан қиыс кетті. Қарсыластар да он ойыншымен қарсы шабуылға шыға білді. Сонымен, матч алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Ойыннан кейін «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Омонияға» қарсы өткен ойын жайлы пікір білдірді.
Үйдегі ойында жанкүйерлерімізге бұдан да сапалы ойын көрсетуге тырысамыз. Жанкүйерлерімізге сенеміз, қолдауларыңыз жалғасады деп ойлаймыз!, – деді бапкер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Омонияны» бірнеше гол айырмасымен ұтады»
Алматылықтардың ойыны туралы футбол сарапшысы Ербол Қайыровтан сұрап көрдік. Оның айтуынша, «Қайраттың» әлі де мүмкіндігі бар.
«Қайраттың» ойыны жаман болмады. Қарсылас қызыл қағаз алғасын алматылықтар қыса бастады. Иә, бір гол салғанда, жақсы болар еді, өйткені «Қайрат» біраз мүмкіндіктер жасаған еді. Енді, Алматыда, Орталық стадионның қолдауының арқасында «Омонияны» бірнеше гол айырмасымен ұтып, келесі кезеңге өтеді деп сенеміз. Өз алаңында «Қайраттың» біраз мүмкіндігі бар, оны клуб былтыр да дәлелдеген, – деді «Оқжетпес» ФК директоры Ербол Қайыров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сарапшы айтқандай, «Қайрат» өткен маусымда жанкешті ойын өрнегін көрсетті. Чемпиондар лигасы аясында «Орталық стадионда» өткен төрт ойында жеңілмеді. «Олимпиядан», «КуПс», «Слован» мен «Сельтиктен» басым түсті. Әсіресе, ірітеу кезеңінің екінші кездесуінде «КуПс» алаңында 2:0 есебімен ұтылып, Алматыда есе қайтарды.
Айта кетерлігі, «Омония» клубына қарсы кездесу 29 шілде күні «Орталық стадионда» өтеді.