Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда төбелес болды

Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда төбелес болды
Фото: Видеодан кадр 18.07.2023 12:47 7750

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда төбелес болып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 шілдеде ШҚО бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде туындаған төбелесті тоқтатты. Факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, жедел-тергеу тобы шақырылған. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Жанжал барысында төрт сотталушы жеңіл жарақат алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлады  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жанжал шығарғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, изоляторға қамалды.

Оқи отырыңыз:

Аталған колонияда Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатыр. Әлеуметтік желіде оқиғаның куәгерлері де пышақ жарақатын алды деген хабарламалар тарады.

Қайрат Сатыбалдының бұл жанжалға қатысы жоқ, - деп мәлім етті комитет.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталған еді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға