Жаңалықтар

«Қайрат» футзал командасының бас бапкері ауысты

«Қайрат» футзал командасының бас бапкері ауысты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.06.2023 03:03 426

Алматылық «Қайрат» футзал командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас бапкер ретінде испаниялық маман Марлон Веласко тағайындалды.

Марлон Веласко 1986 жылы 28 желтоқсанда Барселона қаласында дүниеге келген. Ол 2012 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарып келеді.

2018-2023 жылдар аралығында Испания жоғары дивизионында ойнайтын «Ноя Портус Апостоли» клубына жетекшілік етті. Сондай-ақ ол биыл Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған «Пальма Футзал» клубында жемісті еңбек еткен.

Жаңа бапкермен «2+1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойылды.

Бұдан бұрын бразилиялық маман Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері жұмыстан кеткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға