Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды

Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан көрсетіліп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды
Фото: Ақорда 26.11.2022 10:52 1233

Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті ретінде ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсім залына ҚР Мемлекеттік туы, ҚР Президентінің штандарты әкелінді.

Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысып отыр.

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант береді. Осы сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға