Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Фото: Ақорда 21.12.2022 16:49 1322

Мемлекет басшысы «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға