Жаңалықтар

Қаржыны қалай жинақтауға болады: негізгі бес кеңес

Қаржыны қалай жинақтауға болады: негізгі бес кеңес
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.05.2024 18:38 2767

Табыс аз болса да, ақша жинауға болатынын ұмытпаңыз. Бұл өзіңізді қаржылық тұрғыдан сенімді сезінуге көмектеседі. Ал тиімді жинақтау үшін қарапайым ережелерді естен шығармау қажет. Ендеше бүгін қаржы үнемдеуге қатысты кеңестерге құлақ түрейік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең маңызды кеңестер:

Шығынды азайтыңыз: кіріс көздеріне сарап жүргізіп, ұтымды тарифтер таңдаңыз және артық шығынға жол бермеңіз.

Бюджет жоспарлап үйрену керек: шығынды есептеп, жинаққа аударатын ақшаны бөліп алыңыз да, оны кіріс түскен бойда жинақ шотына салып тастаңыз.

Нақты қаржылық мақсат қойыңыз: қысқа, орта мерзімді және ұзақ мерзімді етіп бөліңіз. Бұл өзіңізді қаржылық қамтамасыз ету үшін жасалған қадам екенін еске салып отырыңыз.

Сонымен, ақшаны қалай дұрыс үнемдеуге болады? Ол үшін бюджетті жоспарлаңыз, шығындарды азайтыңыз және пайыздарды пайдаланыңыз, сатып алатын заттарды мұқият ойластырыңыз, нақты мақсаттар қойыңыз, бірақ сараң болмаңыз.

Шығындарды азайтып, пайыздар алыңыз

Тіпті аздаған үнемнің өзі адамның қаржылық жағдайына оң әсер етеді. Бірақ бұл әрекетті тығырыққа әбден тірелмес бұрын бастау керек. Сізде ақшаны үнемдейтін мүмкіндік мүлде жоқ секілді көрініп, жалақы түскенге дейін қалтам шұрық тесік болады деп қорқудың өзі де қате. Ендеше сол ақшаны нөлден бастап қалай үнемдеуге болатынын сөз етейік.

Ең алдымен, шығындардың қайда кетіп жатқанына көз жүгіртіңіз.  Интернет-провайдердің немесе ұялы байланыс операторының жақсы жоспарын таңдаңыз, таксиге немесе дәмханада тамақтануға шектеу қойыңыз. Азық-түлік сатып алуды қайта қарастырыңыз, қымбат зиянды тағамдардан бас тарту ақшаны ғана емес, денсаулықты да сақтайды.

Бірақ үнемделген ақша бірден басқа нәрсеге жұмсалмауы керек. Fortune журналы атап өткендей, кез келген уақытта толтыру мүмкіндігі қарастырылған банктен депозит ашып қойыңыз. Банк төмен пайыздық мөлшерлемені ұсынса да, сіз ұтылмайсыз. Кем дегенде бұл инфляцияны жабады. Шығындарды азайтудан үнемделген барлық ақшаны осылай депозитке аударып отырыңыз.

Бюджетті жоспарлаңыз

Ақша жинауда маңызды орынды бюджетті қаржылық жоспарлау алады. Интернетте шығындарды бақылауға және жинақтауды жоспарлауға көмектесетін мобильді қосымшалар жеткілікті. Ал консервативті көзқарастағы адамдар дәптердегі жазбаларды балама ретінде қолдана алады. Сіз тіпті жүз теңге жұмсасаңыз да, әр шығынды міндетті түрде жазып отырыңыз. Арада екі-үш ай өткен соң шығындарыңыздың белгілі бір тенденцияларын байқайсыз. Статистикалық құралдарды қолданыңыз және қай категориялар ең қымбат екенін, қандай шығындарды азайтуға болатындығын, тамақ, коммуналдық қызметтер мен көліктерге орташа есеппен қанша ақша жұмсайтындығыңызды анықтаңыз.

Ай сайынғы бюджетті басқаруды үйренген соң сақтауға болатын соманы дәл анықтай аласыз. Оны жалақы түскеннен кейін бірден шотқа аударып қойыңыз, мүмкіндіктің барынша ол қаражатты қалаған уақытта ала алмайтын депозитке салған жөн. Осылайша жинақтарды жұмсау туралы ойдан арыласыз.

Сатып алатын затты мұқият жоспарлаңыз

Nerdwallet қаржы сайты ұсынғандай, сатып алуды мұқият қарастырыңыз, ешқашан сатып алу туралы жедел шешім қабылдамаңыз. Сіз маркетингтің немесе жарқын жарнама әсер еткен бір сәттік қалаудың құрбанына айналуыңыз мүмкін. Тауар көзге түскен сәт пен оны сатып алу арасындағы барлық уақытты қарастырыңыз. Егер бұл қымбат сатып алу болса, онда ойлануға бір ай уақыт беріңіз. Бұл зат шынымен қажет екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, бір ай ойланғанда, бұл затқа жеңілдік немесе пайдалы акция пайда болуы мүмкін.

Интернет арқылы сатып алатын болсаңыз, ол тауарды себетке және өзіңіз қалайтын заттар тізіміне салып қойыңыз, ол ұзақ уақыт тұрған жағдайда, кейде сатушы оған жеңілдік бере алады немесе тегін жеткізу сияқты жақсы сатып алу шарттарын ұсынып жатады.

Үнемделген ақшаны жинақ ретінде бөліңіз. Егер олар сатып алудан мүлдем бас тартса, тауарға жұмсауға дайын ақшаны бөліп қойыңыз.

Нақты мақсаттар қойыңыз

Forbes журналы нақты жинақтау мақсаттарын қоюды ұсынады. Бұл барлық үнемдеудің не үшін қажет екендігі туралы түсінік қалыптастырады және қаржылық мәселелерде жақсы ынталандырады әрі тәртіпке келтіреді. Бірден бірнеше мақсат болуы мүмкін. Оларды жету үшін қажетті болжамды уақытқа қарай бөліңіз: қысқа мерзімді (1 жылға дейін). Мысалы, жаңа микротолқынды пешті сатып алу. Орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін). Мысалы, көлікті жаңарту. Ұзақ мерзімді (5 жылдан астам). Айталық, беделді университетте баланы оқытуға мемлекеттік емес зейнетақы немесе ақша жинақтау. Барлық мақсаттарға назар аударуды ұмытпаңыз.

Әрқашан ұзақ мерзімді мақсаттарды қарастырыңыз, тіпті оларға жету үшін 20 жыл қажет болса да мейлі, әйтпесе сіз оларға мүлде қол жеткізе алмайсыз. Жинақ ақшаңызды көбейту кезінде сараң болмаңыз, дұрыс баланс сақтау маңызды. Осы сәтте шынымен қажет шығындар туралы ұмытпаңыз, оларды құрбан етпеңіз. Ақша жинау қатаң аскетизмді білдірмейді. Investopedia инвестициялық сайты атап өткендей, ақшаны үнемдеудің мақсаты — өзіңізді осы жерде және қазір бақытсыз ету емес, қайта қаржылық қауіпсіз болашақ құру.

Шығындарды азайту ақылға қонымды болуы керек. Сіз кез келген ойын-сауықтан бас тарта аласыз, шкафта бір футболка мен джинсы қалдыра аласыз немесе жұмысқа 5 км жаяу жүре аласыз. Бірақ шектен шығып, сараң болмаңыз. Өзіңізді қандай да бір жолмен шектеу арқылы нақты қаржылық мақсатқа жету барысында жүретін жолыңызды бұлыңғырлап тастамаңыз.   

Шығындарыңызды қадағалаңыз және қанша үнемдеуге болатынын анықтаңыз. Жинақ қажет болатын нақты мақсаттар қойыңыз. Пайыздарды алу үшін банктік жинақтау өнімдерін пайдаланыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға