Жаңалықтар

Қарулы қылмыскерлерді ұстаған полицейлер «Айбын» орденімен наградталды

Қарулы қылмыскерлерді ұстаған полицейлер «Айбын» орденімен наградталды
Фото: Ақорда 07.03.2023 15:33 856

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін полиция қызметкерлері ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі.

Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.

Биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады.

Сондай-ақ 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға