Видеодан кадр

Қарғалыда жәбірленуші қыздың анасы көршісіне қарсы арыз жазудан бас тартты

20.07.2023 16:31

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында кішкентай қызды ұрып-соққан әйел табылды. Жәбірленуші қыздың анасы көршісіне қарсы шағымданбайтыны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы әйелге қарызын қайтармағандықтан, ол ашумен осындай әрекетке барған.

Қыз баланың анасы ауылдасына қарсы арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызынан жауап алғызудан бас тартты.

Оқи отырыңыз:

Бұл факт ҚК 389-бабы Өзiнше билiк ету бойынша Жамбыл ауданы ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Іс бойынша процестік шешім қабылдау үшін барлық жағдайлар анықталады. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды, – деді ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірген еді.