Жаңалықтар

Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі төмендеді

Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі төмендеді
Фото: gov.kz 31.03.2023 14:34 703

Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінгі таңда бау-бақша ұжымдарының ауданындағы Қарғалы өзенінің су деңгейі бұрынғы деңгейден 83 см-ге төмендеді.

Қазіргі уақытта Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында Ақтөбе облысы ТЖД күштері мен құралдары саяжай учаскелерінен алдын ала 116 адамды, оның ішінде 48 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Оқиға орнындағы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 30 наурыз күні Қарғалы өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты бау-бақша ұжымдарында 32 саяжай учаскелері су астында қалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға