Жаңалықтар

Қарағандылық коммуналдық қызметкерлер кәріз құбырынан екі мысықтың өлексесін тапты

Қарағандылық коммуналдық қызметкерлер кәріз құбырынан екі мысықтың өлексесін тапты
Фото: «Қарағанды ​​Су» ЖШС баспасөз қызметі 20.07.2023 15:08 609

«Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлері кәріз құбырындағы бітелуді тазалау кезінде мысықтардың өлекселерін тапты, Аталмыш жағдайдың мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды Су» ЖШС Майқұдық су бұру цехының бригадасы К. Маркс көшесі 7 үйінің кәріз желісіндегі бітелуді тазалау кезінде 2 мысықтың өлексесін шығарды. Бригаданың айтуынша, мысықтардың өлекселері үйдің кәріз шығарылымдарында жатқан, - деп хабарлады «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Кәсіпорында айтылғандай, бұл жайт қызметкерлердің жағасын ұстатқан. Коммуналдық мекеме мамандары балалармен және ерекетермен әңгімелесуді және жануарларға қатыгездіктің алдын алуды сұрайды. Сонымен қатар, еш жағдайда кәрізге бөгде заттарды ағызбау керектігін еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға