Жаңалықтар

Қарағандылық кәсіпкер қасақана банкроттық жасағаны үшін 1 жылға сотталды

Қарағандылық кәсіпкер қасақана банкроттық жасағаны үшін 1 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 14.07.2023 12:15 667

Қарағанды облысында серіктестік басшысы банкроттық рәсімінде мүлікті жасырғаны үшін 1 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша 2020 жылғы қарашада «А» ЖШС 114 миллион теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылды.

Әдейі банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне (дәрменсіздігіне) әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша МКД серіктестік қызметіне талдау жүргізіп, қасақана банкроттықтың бар белгілері туралы қорытынды жасады.

Оқи отырыңыз:

«А» ЖШС заңға қайшы әрекеттер жасап, мүлікті жасыру арқылы 71 миллион теңгеден астам сомаға ЖШС балансында тұрған тауарлық-материалдық қорларды есептен шығаруды жүзеге асырды.

Осы факті бойынша «А» ЖШС басшысы мен жалғыз құрылтайшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен «А» ЖШС лауазымды тұлғасы маусым айында ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда 1 жыл мерзімге ұйымдық-өкімдік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкімі шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға