Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, 18 адам эвакуацияланды

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Ә.Бөкейхан ауданының Көк тоғандар шағынауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, 10 қабатты үйдің 8-қабатында орналасқан пәтердің балконы жанған. Қатты түтіннің салдарынан баспалдақ маршымен 18 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. 

Тұрғындардың оқиға туралы уақытылы хабарлауының арқасында өрттің таралуына жол берілмей, дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Оқи отырыңыз