Қарағандыда газ баллоны жарылып, 6 адам үйінді астынан шығарылды
30.01.2024 02:04
Фото:
Қарағанды облыстық ТЖД
Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі 2 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды. Оқиға он екі пәтерлі үйдің екінші қабатында 30 қаңтар сағат 00.07-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екінші қабат жартылай қираған. Құлау алаңы анықталуда. Үйінді астында адамдар бар. Жергілікті жерде штаб ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жеткізілген.
Алдын ала болжаммен тұрмыстық газ баллоны жарылған. Төтенше жағдай орнына 45 адам және 13 техника жұмылдырылды. Үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда делінген ТЖД мәліметінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

