Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы вахташылар ауылында спорт залының қабырғасы опырылды

Қарағанды облысындағы вахташылар ауылында спорт залының қабырғасы опырылды
Фото: Видеодан кадр 01.07.2023 11:14 858

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл көмір ауылында спорт залының қабырғасы опырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл спортзалда жұмысшылар күнделікті футбол, теннис, бильярд ойнаған. Компания ескі ғимаратты жөндеуден өткізбек болған. Видео vechernaya_karaganda телеграм-парақшасында жарияланды.

Көмір өндірілген қаншама жылда бір спорт кешені салынбаған. Жаңғырту жұмыстарын жүргізбек болып еді, нәтижесі мынау. Вахташылардың демалыс уақытын тиімді өткізетін жері жоқ, - деді видео авторы. 

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және алты қап кептірілген марихуана тәркіледі

Шымкентте КАМАЗ жүргізушісі көлікке қысылып қалды

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға