Жаңалықтар

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: ҚР ІІМ 28.08.2023 09:10 1051

Қайғылы оқиға 27 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100  автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.

Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға