Жаңалықтар

Қарағанды облысында медициналық авиация желісі бойынша 194 ұшу орындалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігі мәлім етті
Қарағанды облысында медициналық авиация желісі бойынша 194 ұшу орындалды
Фото: ҚР ДСМ 12.02.2023 17:55 609

Медициналық авиацияның мобилдік бригадалары 2022 жылы Қарағанды облысы бойынша барлығы 194 ұшуды орындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Барлығы 225 медициналық қызмет көрсетілді: 208 пациент тасымалданды, 8 пациентке күндізгі консультациялық көмек көрсетілді, аудандық ауруханалар жағдайында 9 пациентке операция жасалды. 

Өңірде медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсетуде бірінші орында қанайналым жүйесі ауруы бар пациенттер тұр.

Жердегі медициналық авиация ауыр пациенттерге 2022 жылы 650 рет барды, 687 медициналық қызмет, оның ішінде балаларға - 250 медициналық қызмет көрсетілді.

Санитариялық автокөлікпен алыс қашықтыққа шығу қолайсыз метеожағдайларда, жарық күннің қысқа болуына және әуе көлігімен тасымалдауға қарсы көрсетілімдерге байланысты жүзеге асырылды.

Медициналық авиация желісі бойынша шұғыл пациенттерге қызмет көрсетуді құрамына Қарағанды облысының облыстық медициналық ұйымдарының мамандары тартылған медициналық авиацияның мобилдік бригадаларының білікті құрамы жүзеге асырды. Шұғыл қызмет мамандарының үйлесімді жұмысының, мамандарды шалғай аудандарға жеткізудің арқасында жүздеген пациенттеріміздің өмірлерін сақтап қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға