Жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті
Қарағанды ​​облысында көлік қозғалысы шектелді
Фото: qazaqstantv 21.12.2022 20:52 845

Қарағандыдан Балқашқа және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Республикалық маңызы бар жолдарда 560-қа жуық арнайы жедел техника мен 900-ден астам жол мамандары жұмыстарын жалғастыруда.

«Қарағанды ​​облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді. Сондай-ақ жүргізушілерден тас жолдың жабылуы туралы хабарламаларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға 1403 қысқа нөмірі бойынша «Қазавтожолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласу ұсынылады», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға