Жаңалықтар

Қарағанды облысында дауылдан зардап шеккен үйлердің шатыры қалпына келтірілуде

Қарағанды облысында дауылдан зардап шеккен үйлердің шатыры қалпына келтірілуде
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 21.11.2023 23:20 541

Қарағанды облысында өткен демалыс күндері 111 ғимарат пен үйлердің дауыл жұлып әкеткен шатыры қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Қарағандыда 33 нысанда жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде ТЖ режимі жарияланды. Тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің шатырлары жергілікті бюджет есебінен қалпына келтірілмек.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс басталып кеткен нысандарды аралады. Аймақ басшысы бір айдың ішінде барлығын қалпына келтіруді тапсырды, бірақ сапаға нұқсан келмеуі керек.

Барлық жауапты тұлғаларға мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға