Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматының экономикалық индикаторы 6,2% - ға өсті

Алматыда зардап шеккен барлық заңды және жеке тұлғалардың бизнестері қалпына келтірілді
Қаңтар оқиғасынан кейін Алматының экономикалық индикаторы 6,2% - ға өсті
Фото: El.kz 09.01.2023 17:00 4882

Қаңтар оқиғасы кезінде террористік фактілер көп тіркелген Алматы қаласы болды. Қақтығыстан кейінгі бизнестің жай-күйін қалпына келітіру мен қаладағы экономиканы дамыту бойынша бірқатар шаралар атқарылды. El.kz ақпараттық агенттігің тілшісі Алматы қаласының әкімдігі берген жауапты саралап көрді.

Алматы – Қазақстан аумағындағы кәсіпкерлер қаласы. Олар экономиканың өсуін және қала бюджетіне түсетін салықтардың ең үлкен көлемін қамтамасыз етіп отыр. Мыңдаған кәсіп, миллионға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Қаңтар көтерілісінде әкімшілікпен қатар осы бизнестер де бүлікшілердің кесірінен үлкен шығынға батты.

Қатығыстан кейінгі тексеру нәтижелерінен кейін бизнеске келтірілген залалды өтеу үшін Мемлекет басшысы тапсырма беріп, арнайы өңірлік комиссия құрылады. Өтініш берген барлық заңды және жеке тұлғалардың істері қарастырылып, келтірілген залал сомасы есептелініп, өтемақы төленді.

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматының экономикалық индикаторы 6,2% - ға өсті

Заңды тұлғалармен қатар төлемақы алу үшін жеке тұлғалар да жүгінген. Олардың да өтініштері қарастырылып, сот шешімімен қаржы бөлінді. Аудан әкімдіктері зардап шеккен автомобильдердің иелерінен өтінімдер қабылдады. Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, 143 көлікке зиян келтірілген, оларға 566,7 млн теңге берілді.  Бағалауды аудандық әкімдіктер жүргізген.

Қаңтар оқиғасынан кейін қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 6,2% - ға дейін өсті. Жалпы, бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінді, бұл 6,8 млрд теңгеге 185 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді. Қала инфрақұрылымын қалпына келтіру және залалды өтеу бойынша барлық жұмыстар қала әкімінің тұрақты бақылауында болды. 11 айдың ішінде қалыпқа ғана келіп қоймай, экономика нарығына өз үлесін қосып үлгерді. 2023 жылға деген жоспарлар да нық екені атап өтілді. 

Қаңтар оқиғасынан кейін Алматының экономикалық индикаторы 6,2% - ға өсті

Белсенді жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 38,5% - ға өсті. 55,7 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 70% тұрақты, бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін 5% - ға дейін төмендетті.  Алматы экономикасы 2022 жылы 5% - ға дейін артты.

2023 жылы әкімдіктің негізгі міндеті Алматы қаласының даму бағдарламасына сәйкес экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болады. Бұл ретте жоғары технологиялық және "таза" өндірістерді, туризмді, IT-секторды, креативті индустрияларды дамытуға баса назар аударылатын болады. 

Сондай-ақ, 2023 жылы бастапқы капиталдандыруы 10 млрд теңгені құрайтын венчурлық қорды пилоттық іске қосу жоспарлануда, оның 50% - ы жеке қаражатты құрайды. Келесі жылы Алматы қаласының бюджетінде 5 млрд теңге қарастырылған, қазір әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жеке инвестициялар есебінен кемінде 5 млрд теңге тартылатын болады. Қордың инвестициялары бес бағытқа – кино, сахна өнері, музыка, цифрлық ойын-сауық, дизайн және сән салаларына бағытталмақ.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша:

«Біз Қазақстанның ең ірі мегаполисінде Жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған міндеттерді шешу бойынша барлық жауапкершілікті түсінеміз. 2030 жылға дейін жоғарыда айтылған көрсеткіштер екі-үш есе ұлғаяды деп күтудеміз».

P/s. Алматыда адам саны күрт өсіп, жұмыссыздар саны артқан болатын. Дегенмен қазіргі бизнес бастауға беріліп жатқан мемлекеттік көмектің арқасында азаматтар түрлі бизнес бастап, экономика мен халық әлеуетін көтеру үстінде. Күнделікті дамыған заманда орта бизнес бастау қиын. Солай болса да, тәуекел етіп отырған барша кәсіпкерлерге табыс тілейміз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға