Жаңалықтар

Психологияның қызықты 10 теориясы

Біле жүрейік...
Психологияның қызықты 10 теориясы
03.06.2018 12:40 54480

Психология өз алдына қызықты ғылым. Әрбір психолог маманның айналасында зерттеу объектілері толып тұр. Себебі, адамдардың түрлі іс-әрекеттері, қимыл-қозғалыстары, мінез-құлықтары бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бүгінгі мақаламызда біз күнделікті өзімізге таныс, бірақ ішкі «асханасын» біле бермейтін теорияларды ұсынамыз.

Көңіл-күйді «тоқтату»

Біз өз эмоциямызды сыртқа шығарсақ, жанымыз жайланады дегенге сеніп келеміз. Катарсис идеясы – ашуыңды шығару арқылы негативтен құтылуға саяды.

Мамандар «эмоцияны тоқтату» тәжірибесіне қатысушыларға «сиқырлылығы» бар деп қарапайым плоцеб дәрісін беріп, көңіл-күйлерін қалпына келтіреміз деген. Дәрілерді арнайы қайнағанға дейін жеткізіп, артынан бірден ішкізген. Барлық қатысушылар сол сәтте-ақ, көңіл-күйінің орнына келіп, өздерін керемет сезінгендерін айтқан.  Тәжірибе көрсеткендей, олар бір нәрсеге сену арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Яғни, сізге ашуыңызды, негативті эмоцияңызды шығарудың немесе ғажайып дәрі ішудің еш қажеті жоқ. Мұндағы бар сиқыр – ашуды сыртқа шығарусыз-ақ, өзіңізді тыныштандыруды үйренуде жатыр. Ештеңені сындырмай-ақ, қатты дауыс шығарып айқаламай-ақ, өз-өзіңізді сабырға шақырыңыз, ішіңізде сыртқа шықпаған бірнәрсе қалды деген ойдан арылыңыз. Іште қалған ештеңе жоқ.

«Бет» фидбегі

Бір теорияға сәйкес, ішкі көңіл-күй мен бет әлпетіңіз бір-бірімен байланысты болады. Егер әдейі қабағыңызды түйсеңіз, көңіл-күйіңіз бірден бұзылып кетеді, ал жымисаңыз, көңіл-күйіңіз жақсара түседі. Ғалымдар бұл теорияны ботокс қабылдаған адамдарға сынап көрген. Олар бет әлпетіне алған инъекцияның кесірінен эмпатияны барынша сезіне алмайтын болып шықты. Бірақ, экспериментке қатысушылар өздерінің уколға дейін де эмоцияшыл болмағандарын алға тартқандықтан, бұл теорияның растығы дәлелденген жоқ. Яғни, сіз бет-әлпетіңізді өзгерту арқылы көңіл-күйіңізді басқарамын деп ойламаңыз. 

Өзін-өзі сендіру. Мен – ең керемет, ең тартымдымын!

Өзіне жақсы баға беру адамдарды шын мәнінде биікке шығарады, ойлағандарын жүзеге асыру жолында тамаша демеу көрсетеді. Бірақ, бұл үлкен қауіптің белгісі екен. Зерттеулер көрсеткендей, өзіне қатты сенімді адамдар сәтсіздікке ұшыраса, қайтадан бір нәрсені бастау өте ауырға соғатын көрінеді. Жүрегіне жақын қабылдайтындары соншалық, келешектегі табысқа жету көрсеткішін шынайылықтан да тым төмендетіп жібереді.

Аспанда қалықтау

«Mind-wandering» термині 2013 жылға дейін соншалықты танымал бола қоймады. Соңғы зерттеу көрсеткендей, сіз қиялыңызды алысқа жіберу арқылы көп жаңа жетістіктерге жетуіңіз мүмкін. Біз керісінше, басқа жақа алаңдап, қиялдап кетсек, жұмысымызға кедергі болатындай, алдымыздағы тапсырманы бітіре алмай қалатындай қабылдаймыз. Енді қиялыңызды алысқа аттандырып, ара-тұра «аспанда қалықтап» келіңіз. Осы арқылы сіздің санаңыз еркіндікті сезініп, жаңа шабыт алып, бұрын бас қатырған проблемаңыздан құтылуыңыз мүмкін немесе жауабын таба алмай жүрген кей сұрақтарыңыз шешімін табуы ықтимал.

Маған кішкене көмектесіп жіберші!

«Foot-in-the-door» (бір нәрсеге мүмкіндік алу) техникасы адамның санасын басқаруды білдіреді. Яғни, кішкене өтінішті орындауға келіскен адамыңыз сіз үшін өте маңызды әрі қиын нәрсені істеуі. Кейде жолын тапқандар көмектесуге келіскен адамды екі есе ауыр жұмысқа жегіп қояды (double foot-in-the-door).

Бұл процесс үш кезеңнен тұрады: кіші, орта және үлкен. Бірден кішісінен үлкеніне өту деген жоқ. Әрине, қанша жұрттан өтініп, ісіңізді тындырып алғыңыз келсе де, барлық нәрсенің есесі барын естен шығармаған дұрыс.

Эвристикалық аффект

Эвристика – бұл, «үлкен саусақтың ережесі» адамдарға қорытынды шығарып, өз проблемаларын шешуі. Ал эвристикалық аффект шынайы ықтималдылығынан тыс, бізге логикалық тенденциямен болатын қауіптерді айтып отырады. Мысалы, адамдар өзінің басына түсіп қалатын, күнделікті өміріне жайсыздықтар әкелетін аурулардан гөрі, сирек кездесетін, қорқынышты сырқаттардан сақтанады.

Мақсат үлгісі

Біз қиын сәттен шығатын жол іздегенде, мысалы көлік қаптап өтіп жатқан жолдың арғы бетіне өту үшін бірінші, келетін қауіптің негізгі көзін тауып алуымыз керек.

«Мақсат үлгісі» – стимул беретін ойлардың жиынтығын басқару. Бұндайда сізге көмекке... видеоойындар келеді. Иә, иә... кәдімгі ойындар. Барлығы ол ойындарың тигізетін зардабы туралы айтып жатады. Бірақ, адамға қажетті тұсын көре бермейді. Мәселен, олар қиын сәттерді ізздеп, одан шығудың жолдарын үйретеді. Қаншалықты ойын қимыл-қозғалысқа құрылған болса, соншалықты зейініңізді жаттықтыра түсесіз. Сол сияқты кей ойындар адамды жинақты болуға, алға ұмтылуға, қоғамда өзіне келер қауіптің алдын алуға үйретеді. Бұл деген күні-түні ойынға кіріп, өмірді мүлде ұмыту екен деп қалмаңыз. Сәті түссе, аз уақыт видеоойындарды қосып, өз зейініңіздің жұмысына көмектесіңіз.

Қараңғы үштаған

Қараңғы үштаған – бұл нарциссизм, психопатия мен макиавеллизмнің (мораль нормаларын жақтырмайтын дөрекі күш) байланысы. Атының өзі құлаққа түрпідей естіледі. Одан шығатын қауіп те жеткілікті. Мұндай адамдар айналасына біршама жағымсыз жайттар әкеледі. Шын азаптағанды жандары сүйеді. Бірақ, зерттеулер дәлелдегендей ондай адамдар жұмыста өте табысты болады. Табанды, өжет, батыл мінезімен, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Олар адал, ақкөңіл әріптестерін анық алдын орап кетеді. Келісесіз бе?

Бақытты болудан қорқу

Адамдар өмірдің мәні бақытта деп түсініп, соған жол іздегенімен, көбісі одан қорқатын болып шықты. Сол сияқты бұл қатарға жетістікке жетуге деген қорқынышты да қосып қойған дұрыс. Жетістікке жету жауапкершілікті көбірек артатындықтан, алдына қойған тапсырмаларды соңына дейін жеткізбейтіндер де жетерлік екен. Тағы бір қызықты анықтама – барлығына қол жеткізген адам өзін бақытсыз сезінуі мүмкін.

Бұл жерден шығатын қорытынды: біз барлығымыз материалды және моральдық игіліктерді иелік еткіміз келеді. Сүйікті отбасымыз, өзіміз қалаған жұмысымыз және жеткілікті ақшамыз бол тұра кейде күйзеліске түсіп, бақытсыздық сезімін бастан өткеруіміз мүмкін. Бай және табысты адамдарға көпшілік жағымсыз пікірлер айтып жатады. Адамдар олар барлығына өз күштерімен жетті дегенге сене қоймайды, мұраға келген немесе ұрланған байлық деп түсінеді.  Бұл пікірлердің де әсері бар шығар?!

Кәсіби әуестік

Егер өз жұмысыңызға сүйікті хоббиіңіздей қарайтын болсаңыз, одан кәдімгідей рахат аласыз. Мұндай адамдар жұмысты күнделікті міндеті немесе күн көріс қамы деп ойлайтындарға қарағанда әжептеуір табыстырақ болады. Сол сияқты олар сүйікті жұмысынсыз өмір сүре алмайтындай күн кешеді. Егер сіздің ынтаңыз тәжірибеңізбен тоғысып жатса, өмірдегі мақсаттарыңыз айқын болып, жетістікке жетесіз. Яғни, өз жұмысыңыз сізді биік белестерге шығарады деген сөз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға