Жаңалықтар

Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады

Бұл туралы Штабтың баспасөз қызметі мәлім етті
Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады
Фото: Штабтың баспасөз қызметі 18.11.2022 20:09 1547

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалдындағы үгіт-насихат науқанында 12 облыста болды, деп хабарлайды El.kz

Ол Астана, Шымкент және Алматы қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында тұрғындармен, халықтың әртүрлі топтарымен кездесу өткізді.

Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады.

Мейрам Қажыкен туған өлкесі – Павлодар облысынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерін аралады.

Павлодарға үміткер автоколоннаның сүйемелдеуімен шықты. Ол өзінің сайлау науқанын символикалық түрде аяқтады. Штаб қызметкерлері оған естелік акция дайындады. Олар Шымкенттегі алаңға үгіт-насихат атрибуттары бар автокөліктермен келіп, көліктерден МЕЙРАМ сөзін құрастырды. Кортежді жауып тұрған көліктен үміткердің өзі шықты. Алаңда оны еріктілер күтті.

"Бүгін мен сайлау алдындағы үгітімді аяқтап жатырмын. Осы уақыт ішінде мен командамен Қазақстанның 14 өңірінде болдым, онда мыңдаған сайлаушылармен: жұмысшылармен, қызметшілермен, студенттермен, зейнеткерлермен кездестім. Жүздеген ұсыныстар мен нақты мәселелерді тапсырмаларды тыңдадым. Адамдар жақсы жаққа өзгергісі келетінін түсіндім. Бұл ең маңыздысы! Өкінішке қарай, 6 облысқа баруға уақыт тапшы болды. Сайлаушылардан кешірім сұраймын", - деді кандидат қорытындылай келе.

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады.

Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады

«Сайлауалды насихат жұмыстарымен ел өңірлерін, үлкенді-кішілі қалалар мен ауылдарды аралап шықтым. Отбасы мен ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарламамды кең байтақ еліміздің азаматтарына таныстырдым. Жастардан ізет көрдім, қариялардан бата алдым. Осылайша, мен өзімнің бағытымның дұрыс екеніне сенімім тек арта түсті. «Отбасы» әлдеқашан халқымыздың басты құндылығына айналған. Шаңырақ, үй – бабаларымыз үшін де киелі ұғым болған. Мақсатым - бабалардан қалған сол қастерлі ұғымды заманауи кейіпке келтіріп, мемлекеттік саясатқа айналдыру», - деді кандидат өз үндеуінде.

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті.

Форумға ҚР Президенттігіне кандидаттың 2,5 мыңға жуық сенімді өкілі қатысты. Олар – «AMANAT», «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы сынды саяси партиялардың және Халықтық коалицияға кірген 30-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік мүшелері.

Жақтастар форумы – кандидаттың сайлауалды науқанындағы соңғы іс-шара. Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қолдау білдірген баршаға ризашылығын білдірді.

Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады

«Сайлауға дайындық жұмыстары аяқталды. Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Алдағы жексенбіде халқымыз елдің болашағын айқындайды. Бұл – мемлекетіміз үшін өте маңызды науқан. Жұртымыз осы сайлауға айрықша мән беріп отыр. Оның өз ерекшелігі бар. Сайлау науқаны үш айға жуық жүргізілді. Қоғам өкілдері қызу пікірталасқа түсті. Әртүрлі талқылау болды. Соның барысында игі бастамалар және тың ұсыныстар айтылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Республикалық сайлауалды штаб кеңсесінде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сайлауалды кампанияның қорытындылары шығарылды.

Кампания шеңберінде Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық сайлауалды штабтары ашылғаны мәлімделді. Кандидаттың сайлаушылармен жеке, сонымен бірге еңбек және өзге ұжымдарындағы кездесулері секілді үгіт-насихат шаралары өткізілді.

Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады

БАҚ-та үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Республикалық және аймақтық телеарналарда үгіт-насихат роликтері көрсетілді. 3 танымал радиостанцияда үгіт-насихат аудиороликтер ойнатылды. Жұмыс барысында мемлекет бойынша таратылған билборд, плакат, үнпарақ секілді көрнекі үгіт-насихат әдістері белсенді пайдаланылды.

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев өз кезегінде сенімді өкілдеріне, штаб мүшелеріне, партия белсенділері мен волонтерларға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқаны талқыланған «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға Жигули Дайрабаевтың өзі, партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері қатысты.

 «Ауыл» партиясы сайлау науқанын өткізу барысында еліміздің барлық 20 өңірін қамтыды. Бүкіл ел бойынша 222 штаб жұмысы ұйымдастырылды. Үгіт-насихат шаралары барлық 88 қала мен 166 ауылдық ауданда өтті. Өңірлік штабтар 2500-ден астам іс-шара өткізді.

Президенттікке үміткерлер сайлауалды жұмыстарын аяқтады

Жигули Дайрабаев бастаған үгіт тобы еліміздің 17 өңірінің, оның ішінде республикалық маңызы бар үш қаланың сайлаушыларымен кездесті. Кандидаттың сенімді өкілдері барлық 20 өңірде кездесулер өткізді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға