Жаңалықтар

Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді

Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді
Фото: tokayev_online 01.01.2023 10:40 1056

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін» - деді Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға