Жаңалықтар

Президент Рим Папасы Францискке көңіл айту жеделхатын жолдады

31 желтоқсан күні Рим Папасы Бенедикт XVI дүниеден өтті
Президент Рим Папасы Францискке көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда 01.01.2023 12:50 955

Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында Рим Папасы XVI Бенедикттің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Католик шіркеуінің бұрынғы көшбасшысын әлемге танымал рухани қайраткер, бейбітшілік пен өзара түсіністікті, гуманизм идеяларын ілгерілету жолында қажырлы еңбек сіңірген ұлы тұлға деп білеміз. Адамзат баласына аманат етілген құндылықтарды қорғауға айтарлықтай үлес қосқан Аса Қасиетті XVI Бенедикттің жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында мәңгі сақталады. Қаралы сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан күллі католик қауымына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға