Жаңалықтар

Президент өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар және еріктілермен кездесті

Президент өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар және еріктілермен кездесті
Фото: Ақорда 11.06.2023 19:12 545

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысынан кейін өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылармен және еріктілермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы табиғи апатты ауыздықтауға атсалысқан құтқарушылар мен еріктілерге алғыс айтқан.

Президент өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылар және еріктілермен кездесті

Баршаңызға алғыс айтамын. Еріктілер, сіздерге де ризамын. Жарайсыздар. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды. Үлкен апат болды. 14 адам қаза тапты. Жаңа ғана азаматтармен кездестім. Өте ауыр жағдай. Сондықтан осындай қасіретті апат кезінде бәріміз бір халық, бір ұлт болып бірге жұмыс істеуіміз керек. Жаңа ғана кеңес өтті. Ұйымдастыру шараларын талқыладық. Ең бастысы, біз осы төтенше жағдайды, әсіресе өртті адам шығынына жол бермей, уақытылы, тез ауыздықтай білуіміз керек. Аман болыңыздар, – деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға