Жаңалықтар

Президент Masdar компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Президент Masdar компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті
Фото: Ақорда 17.01.2023 20:16 1495

Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Кездесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға дейін көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін  арттыруды көздеп отырғанын айтты.

Президент Masdar компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Сонымен қатар Президент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен KIDF қоры және Masdar компанияcы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум толыққанды жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Осы құжатқа сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, еліміздің жасыл энергетиканы дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ оның компаниясы бұл бағыттағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға