Жаңалықтар

Польшадан келген ұстаз пан Даниэль: Жұбайым – қазақ, бір ұл тәрбиелеп отырмыз

Польшадан келген ұстаз пан Даниэль: Жұбайым – қазақ, бір ұл тәрбиелеп отырмыз
13.02.2019 12:06 2400

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының этнолингвистикалық мектептері оқушыларды әрқашанда қызықты сабақтары мен оқытудың өзіндік әдістемелерімен баурап алады. Көп жылдан бері мұнда оқыған түлектер отандық қана емес, шетелдік жоғарғы оқу орындларына оқуға түсіп, білім алуда.

«Оберег» украин қоғамының» «Риднэ слово» украин этнолингвистикалық мектептеріне балалар үлкен ынтамен барады. Осы жексенбі күні де оқушылар украин тілін оқумен қатар, «Нэмовля» (нәресте) қуыршақ-мотанкаларын ерекше ықыласпен жасады. Халық сенімі бойынша, бұл қорғаныш ретіндегі қуыршақты баланың бесігіне жамандықтан сақтайтын тұмар ретінде салып қоятын.

Ал басқа топтың қатысушылары «Вытынанки» – (кесіп алымдар) қағаздан ойып кесумен айналысты. Қағаз бетінен оюларды бәрі кесіп көрді, бірақ бұл өнердің атын ешкім білмеген екен. Қағаз бетінен қаршықтарды ғана емес, бүтін картиналарды да кесіп бейнелеуге болады дейді мектеп оқытушылары.     

«Бүгінгі күні Украин этнолингвистикалық мектебіне 50-ге жуық оқушы барып жүр. Біз №19 мектеп-гимназияның негізінде жұмыс істейміз. Сабақтар тегін өткізіледі. Ана тілі сабақтарымен қатар, балалар еңбек, вокал, би топтары және қуыршақ театрына қатыса алады. Өз кезегінде бірігіп түрлі кештер, бағдарламалар ұйымдастырады, сондай-ақ қалалық, республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысып тұрады», - дейді украин жексенбілік мектебінің жетекшісі Елена Саенко.

 

Поляк тілі сабақтарына үлкен қызығушылықпен 16 мен 18 жас аралығындағы тілек білдірушілер бара алады, бүгінгі таңда олардың саны 65-ке жетіп отыр. Мұнда екінші жыл қатарынан сабақ беріп жүрген пан Даниэль Заторский Қазақстанға «Поляцы» қоғамының шақыртуымен арнайы келгенін айтады.

«Маған мұнда өте ұнады, сондықтан қызмет ету мерзімімді тағы бір жылға ұзарттым. Мен 2011 жылы Павлодар қаласының  этнолингвистикалық  мектебінде жұмыс істеп жүргенімде Астанаға жол түсті. Мен сонда бұл мектепті алғаш көріп, осында жұмыс істегім келді. Армандар орындалады екен, бес жылдан кейін осында қайта оралдым, бұл жолы біржолата. Жұбайым – қазақ, бір ұл тәрбиелеп отырмыз», - дейді пан Даниэль.

Алты жасар балалардың сабақтары негізінен ойын түрінде өткізіледі. Поляк тілі, би және вокал топтарына балалар жылдап барады. Кейін қалауы бойынша Польшаның сәйкес оқу орындарына түсе алады. Мысалы, соңғы 5 жыл ішінде аталмыш этнолингвистикалық мектептің 250 түлегі Еуропада білім алып, кейбіреулері Қазақстанға оралып, жұмыстарын жалғастыруда.

Астанадағы №5 мектеп-гимназиясында поляк этнолингвистикалық мектебімен қатар, орыс тіл мектебі де жұмыс жасайды. Орта мектептерде оқытылатын базалық бағдарламамен бірге балалар мұнда орыс тілі және әдебиет пәндерін қосымша түрде оқып, вокал және хореография топтарына бюджеттік негізде қатыса алады. Халықтық салт-дәстүрлер арқылы тұтас мәдениет және толеранттылық негіздерін тану мүмкіндігін беретін басқа да сабақтар оқушылардың қызығушылығын оятып, білімге деген құштарлығын арттыруда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жексенбілік мектептердің  негізгі мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және оқушылардың ұлттық сана-сезімін дамыту, зияткерлік, шығармашылық, мәдени және тілдік әлеуетін байыту болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға