Жаңалықтар

Полиция ер адамды аяусыз сабаған қызметкерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Полиция ер адамды аяусыз сабаған қызметкерлеріне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 28.08.2023 20:46 582

Абай облысының Полиция департаменті әлеуметтік желіде «Семей қаласының полиция қызметкерлері Астана қаласының тұрғынын аяусыз сабағаны» туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе бойынша тексеру жүргізілді. Полицейлердің бақылау камералары мен бейнежетондарының бейнежазбалары зерттелді. Жазбаларда полицейлер ер адамды медициналық айықтырғышқа апарып, медицина қызметкері жеткізілген адамды тексеріп, әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушысына "орташа дәрежелі" алкогольдік мас күйінде болғандығы туралы куәландыру жүргізіп, бұл ретте айықтырғыштарға ол полицейлер тарапынан дене жарақаты туралы хабарлаған жоқ. Кейін оған әкімшілік хаттама толтырылды, ол хаттамамен танысып, келісіп, полицейдің планшетіне өз қолымен қол қойған, - делінген Ішкі істер ведомствосының хабарламасында.

Instagam-дағы блогында өзін соққы алған адам ретінде көрсеткен, іс жүзінде ол Орталық полиция бөліміне барып, басқа полицейлерден оған жедел жәрдем шақыруын өтінген. ҚР ҚК 419-бабы "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға