Жаңалықтар

Полицейлерге ұсталған астаналық қолындағы пакетті жеп қоюға тырысқан

Ер адамның пакетінің ішінде тыйым салынған заттар болған
Полицейлерге ұсталған астаналық қолындағы пакетті жеп қоюға тырысқан
Фото: pexels.com 13.11.2022 02:20 1616

Ұлттық ұлан әскерлері ішінде тыйым салынған заттар бар ер адамды ұстау кезінде ол пакетті жеп қоюға тырысқан, деп хабарлайды El.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағат 23.25 шамасында ұландықтар Триатлон саябағының аумағында әскери жасақты көргенде жасырынбақ болған ер адамды байқайды. Оның бұл
әрекеті бірден күдік тудырған. 

1990 жылы туған азаматты тоқтатып, сырттай тексеру жүргізгенде күртесінің қалтасында полиэтилен пакет табылды. Оның ішіндегі жағымсыз
иісті сұр-жасыл түсті заттың есірткі екені анықталды.

«Біз патрульдеу бағытын айналып өтіп, саябақ аумағында өзін сезікті ұстаған жігітті көріп қалдық. Құжаттын тексергіміз келген еді, ол бізден
қашып, полиэтилен пакеттің ішіндегісін тез-тез жеп тастауға тырысты, бірақ ұстап үлгердік», - дейді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Мереке Жұбанышбек.

Оқиға Астана қаласы Полиция департаментінің тергеуге дейінгі бірыңғай реестріне тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға