Жаңалықтар

Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

23 маусым — Полиция күні
23.06.2016 11:03 9697

Полиция күні мерекесін атап өту аясында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскер әскери қызметшілеріне арналған Монументке гүл жоқтарын қойып, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарының түлектеріне лейтенант погондарын табыстау рәсімі өтті.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне министрліктің және орталық аппарат қызметтерінің басшылары, ардагерлер, ішкі істер органдары мен ішкі әскер ардагерлері, шақырылған қонақтар, түлектердің ата-аналары қатысты. 

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Мейірхан Жаманбаев, полиция генерал-майоры:

— Полиция қызметкерлері елдің тыныштығы үшін ерінбей еңбек етіп келеді. Бізді кәсіби мерекемізбен құттықтап, істеген әрбір ісімізді бағалайтын халыққа, елбасымызға алғысым шексіз. Ақтөбе қаласында болған соңғы оқиғалар тәртіп сақшыларының кез-келген жағдайға дайын екенін көрсетті. Алдағы уақытта да ел тыныштығы үшін біздің қызметкерлер барын салатын болады.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскер қызметкерлерінің рухына арнап бір минуттық үнсіздік жариялады.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?  

1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды - Полиция күні деп бекітті.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР ІІМ оқу орындарының түлектеріне лейтенант погондарын салтанатты түрде табыс етті, іс-шара полицияның астаналық горнизонының және ҚР Ұлттық Ұланының мерекелік шеруіне ұласты.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

ІІМ-нің Клубында салтанатты жиналыс өтіп, онда Министр ІІО қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Қалмұхамбет Қасымов, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі:

— Құрметті әріптестер, бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қазақстан полициясының құрылғаны 24 жыл толып отыр. Биылғы жыл полиция қызметкерлері  үшін оңай жыл болған жоқ. Дегенмен соңғы есеп бойынша елімізде қылмыс санының азайғанын байқауға болады. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитетінің жұмысының жақсарғанын атап өткім келеді. Барлығыңыздың отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

 Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Министрдің мерекелік бұйрығымен ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, сонымен қатар құрмет грамоталарымен марапатталып, мерзімінен бұрын атақтар берілді.

  Полицейлер кәсіби мерекесін қалай атап өтті?

Сұлтан АҒАБЕКОВ, жас түлек:

— Оқуды енді бітірген біздер үшін офицерлік атақты министрдің қолынан алу — үлкен мәртебе. Барлық бітіруші түлектер атынан еліміз үшін қасық қанымыз қалғанша адал қызмет етуге дайынбыз дегім келеді!


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға