Жаңалықтар

Петропавлдағы стадионнан адамның сүйектері табылды

Петропавлдағы стадионнан адамның сүйектері табылды
Фото: photogoroda.com/zhivik89 15.06.2023 12:15 744

Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйегінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 14 маусымда сағат 09.59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын сол аумақта болған зиратқа тиесілі екені анықталды.

Бұл дерек Петропавл полиция басқармасында тіркелді.

Бұған дейін Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға