Жаңалықтар

Петропавлда жарылған су құбыры жөнделді

Бұл туралы Петропавл әкімі мәлім етті
Петропавлда жарылған су құбыры жөнделді
Фото: aikyn.kz 13.12.2022 10:13 901

Петропавлда жарылған су құбырын мамандар қалпына келтірді. Апаттың салдарынан облыс орталығындағы екі аудан тұрғындары тәулік бойы сусыз отырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апат орнында құбырды қалпына келтіру жұмысының аяқталғаны жөнінде Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қала басшысы осылайша құбырды жөнге келтіру жұмыстарының барысынан хабардар етіп отырды.

«Жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейін үйлерге су беріледі. Осы ретте «Қызылжар су» ЖШС-і мен жұмысқа жұмылдырлыған барлық коммуналдық қызметтерге алғысымды білдіргім келеді. Құрметті қала тұрғындары! Уақытша туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын», - деп жазды Руслан Аңбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға