Жаңалықтар

Петропавлда көлік гаражға соғылды

Петропавлда көлік гаражға соғылды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 16.06.2023 07:20 455

Петропавл қаласындағы Сәтпаев көшесінде жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 жастағы ер адам BMW 530 автокөлігін басқару кезінде рульге ие бола алмай қалып, алдымен ағаш және бетон плитамен, сонан соң гаражға барып соғылған.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем автокөлік жүргізушісін қалалық ауруханаға жеткізді.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - делінген мәліметте.

Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға