«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыстың білім беру ұйымдарының оқушылары үшін көрнекті тарихи тұлға Бауыржан Момышұлына арналған спектакльді көрсетуді ұйымдастырды.
Іс-шара өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиесіне, жастардың арасында заңға, әділдікке, еңбекке және жалпы адами құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың тарихи-мәдени мұрасын танымал етуге бағытталған.
Көрсетуге Петропавл қаласының 500-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.
Көрсетілім аяқталғаннан кейін оқушылармен әңгімелесу өтіп, оның барысында спектакльдің негізгі идеялары, олардың қазіргі жастар үшін өзектілігі, сондай-ақ заңға бағынатын, жауапты және саналы азаматты қалыптастырудағы атақты тұлғалардың тарихи және рухани мұрасының маңыздылығы талқыланды.
Кәмелетке толмағандарға құқықтық, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі жұмыс жалғасады.