Петропавл саяжайында үй өртеніп, жарылыс бола жаздады

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Петропавл қаласының "Фаза" саяжай қоғамында үй өртенді. Өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында үйге жақын орналасқан монша өрттен құтқарылды. Сонымен қатар өрт сөндіру барысында төтеншеліктер газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

 

 

Оқи отырыңыз