Жаңалықтар

Пайдалы қазбаларды қазуға лицензияны цифрлық форматта алуға болады

Мемлекеттік қызмет түрі «Minerals.gov.kz» платформасында қолжетімді
Пайдалы қазбаларды қазуға лицензияны цифрлық форматта алуға болады
Фото: egemen.kz 27.11.2022 03:32 1190

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензияларды цифрлық форматта алу мүмкіндігін жасады, деп хабарлайды El.kz ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Пилоттық жоба ретінде іске қосылған мемлекеттік қызмет түрін бұдан былай «Minerals.gov.kz» платформасынан алуға болады.

Бұрын жер қойнауын пайдаланушылары лицензия беруге өтініштерді бекітілген қағидаларға сәйкес құжаттарды қағаз жүзінде тапсырып отыратын.

Енді 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа платформа «Minerals.gov.kz» іске қосылды. Бұл өтініштерді электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бизнес-процестерді автоматтандыру, жеделдету және оңтайландыру арқылы жұмысты едәуір жеңілдетеді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ИИДМ (miid.gov.kz) және ЦДИАӨМ (mdai.gov.kz) сайттарында «Minerals.gov.kz»-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға