Жаңалықтар

Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды
Фото: Павлодар облыстық Полиция департаменті 10.06.2023 22:40 544

Алдын ала болжам бойынша, ол басынан күн өтіп көз жұмған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым күні сағат 14:20-да Павлодар ауданында Коряковка ауылы маңында тұзды көл маңында 2003 жылы туған жігіттің денесі табылған.

Алдына ала болжам бойынша, ол күн өтіп кеткеннен көз жұмған. Жанында олимпиадалық рюкзак, ұялы телефон және құлаққап болды, – деді департаментте.

Естеріңізге сала кетейік, Рауан Махмудов 7 маусым күні Павлодар қаласында үйінен белгісіз бағытта қызыл жолақтары бар қара велосипедпен шығып кеткен, рюкзагы болған. Куәгерлер оны Успен тас жолында көргенін айтқан. Еріктілер екі күн қатарынан сол жақта орналасқан барлық ауылды аралап шыққан.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға