Жаңалықтар

Павлодарда зейнеткердің денесі табылды: әкесін ұлы өлтірген болуы мүмкін

Павлодарда зейнеткердің денесі табылды: әкесін ұлы өлтірген болуы мүмкін
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 26.07.2023 13:31 751

Павлодарда 66 жастағы тұрғынның мәйіті өз пәтерінен табылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, оның денесінен ұрып-соғу белгілері анықталған.

Қазір бұл іске қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға