Павлодарда төтенше жағдай бойынша өрт-тактикалық жаттығу өтті
Павлодарда "Мұнай, мұнай өнімдері мен жанғыш сұйықтықтардың қоймалары мен резервуарлық парктерінде өрттерді сөндіруге байланысты өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу" тақырыбы бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-жаттығу «Элит-Ойл-Павлодар» ЖШС аумағында ұйымдастырылды. Қауіпті нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп, жаттығулар мен оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады.
Тактикалық жоспарға сәйкес, "Элит-Ойл-Павлодар" ЖШС-нің ашық аумағында цистернаның герметикаланбауы нәтижесінде АИ-92 маркалы бензин құйылып, кейіннен оның үйінділерде жануы орын алды. Өрт дабылы іске қосылғаннан кейін инженерлік-техникалық персонал, қызметшілер мен автотехниканы аумақтан эвакуациялауды бастайды.
Қысқа мерзімде шартты өрт орнында Павлодар қаласы гарнизонының өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары нысан қызметшілерімен өзара іс-қимыл жасап, жанып жатқан және көрші цистерналарды салқындату жүргізіліп, көбік шабуылы жүргізілді, нәтижесінде өртті оқшаулау және жою жұмыстары орындалып үлгерді.
Оқу-жаттығуларға барлығы 8 бірлік негізгі және арнайы техника, 28 жеке құрам жұмылдырылған.