Жаңалықтар

Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Фото: el.kz 04.06.2023 22:31 771

Ол Усолка өзені жағасында демалып жүрген. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 17:12 ЖҚК қызметкерлері Усолка өзенін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан әйелді көрген.

- Оқиға орнына құтқарушылар Райымбек Қашкенов  пен Рустам Жетпісбаев жедел бөлімшенің құтқару қайығымен суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әйел таныстарымен демалып жүрген әрі мас болған. 

Оқиға орнына 102 және 103 қызметі шақырылды. Әкімшілік хаттама жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға