Жаңалықтар

Павлодарда бұралқы иттер бір үйдің 80-нен астам қойын қырып кеткен

Павлодарда бұралқы иттер бір үйдің 80-нен астам қойын қырып кеткен
Фото: © Pexels.com 01.08.2023 11:20 915

Павлодар облысы Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында бұралқы иттер 80-нен астам қойды қырып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған.

Оқи отырыңыз:

29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті, - деді Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.

Оның айтуынша, ветеринариялық станцияның қызметкерлері 2 итті ұстаған. Олар 10 күн бақылауда болады.

Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құтыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады, - дейді Ержан Ахметов.

Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға