Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды
26.06.2023 10:00
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Оқиға 25 маусым күні сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында көз жұмды.
Көлікте кәмелетке толмаған екі жолаушы болған. Олар ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам зардап шеккенін хабарлағанбыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

