Жаңалықтар

Пауло Коэльоның қойын дәптерінен алынған жазбалар

Пауло Коэльо 1947 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында, инженер отбасында дүниеге келеді.
04.08.2014 04:48 3452

Пауло Коэльо 1947 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында, инженер отбасында дүниеге келеді. Ол әлемдегі ең көп оқылатын, сүйікті жазушылардың бірі. 2007 жылы БҰҰ-ның Бейбітшілік елшісі атанады. Оның кітаптары әлемнің 80 тіліне аударылған. Төменде Коэльо шығармаларынан алынған дәйексөздерді ұсынамыз.

Пауло Коэльоның қойын дәптерінен алынған жазбалар

  1. Егер сен бір нәрсені қаласың, бүкіл әлем оның орындалуына себепші болады
  2. Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние, ақиқатқа айналады
  3. Бір орында тұрған қойма суындай емес,  ағып-тасып тұрған сарқырамадай бол
  4. Өлім туралы ой әрі қарай өмір сүруге деген құлшынысты оятады
  5. Сәби ересек адамды үш нәрсеге үйрете алады: ешқандай себепсіз қуана білуге, өзіне сүйікті іс тауып алуға және өз дегенінен қайтпауға
  6. Ең мықты жауынгер – өз дұшпанын досына айналдыра білген жауынгер
  7. Бір рет болған жағдай, енді ешқашан да қайталанбауы мүмкін, бірақ екі рет орын алған жай міндетті түрде үшінші рет болады.
  8. Адамзат баласы ойлап тапқан қарулардың ішіндегі ең жойқыны –сөз
  9. Кейін жастық шағым бос өтіп кетті деп өкінбес үшін әрбір сәтті пайдалан. Жаратушы пендесіне кез-келген жаста да сынақтар жіберіп отырады
  10. Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп
  11. «Мен сені сүйемін», деп айтқан адам ғана «Мен сені кешірем» деп айта алады
  12. Мен әйелмін, сондықтан өз сезімімді бақылай алмаймын
  13. Біздің өміріміз бас-аяғына дейін саяхат. Терезедегі пейзаж, жаныңыздағы адамдар мен қажеттіліктеріңіз өзгереді, ал пойыз әрі қарай жүйткіп кете бермек. Өмір – станция емес, пойыз
  14. Әрдайым өзіңнің нені қалайтыныңды нақты білу керек
  15.  Олар өздерін қалыпты адамдармыз деп ойлайды, өйткені бәрінің әрекеттері бірдей
  16. Еркектер өз басымдылығын сезінуден ерекше ляззат алады,  бірақ көптеген жайдайда өз қылықтарының күні бұрын белгілі болатынын ұға бермейді
  17. Кейде, өз үйіңнің ауласында қандай қазына көмулі тұрғанын түсіну үшін, бүкіл әлемді шарлап шығу керек
  18. Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді
  19. Күн сайын Жаратушы бізге өзімізді бақытсыз ететін сәттерді өзгертуге мүмкіндік береді, бірақ біз күнде оны елемеген боламыз
  20. Есалаң болып қала беріңіз, бірақ сырт көзге өзіңізді қалыпты адамдай ұстаңыз
  21. Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.
  22. Ешқашан да ұмытпа – сен азатсың, өз эмоцияңды шығару ұят емес
  23. Әрбір шайқас бізді бір нәрсеге үйретеді
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға